Әскери гарнизондарда 825 млн теңгенің мүлкі ұрланған

4 Шілде 2022, 16:06 1596

Тергеу жүргізуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады

Әскери прокуратура мамандары Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz Бас әскери прокуратурағв сілтеме жасап.

«Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 млн теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды», - делінген ақпаратта.

 Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейді.

Бөлісу: