Әскери доктринаға бірқатар өзгерістер енгізілмек

10 Маусым 2022, 11:28 1410

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 554 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Президент Жарлығының жобасын әзірледі,- деп хабарлайды El.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қорғаныс ведомствосы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, негізгі құжатты жаңа болмысқа бейімдеуге бағытталған қолданыстағы Әскери доктринаны қайта қарауды жүзеге асыруда.

Құжатқа өзгерістер енгізуді осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Жарлық жобасының толық мәтінімен 2022 жылғы 24 маусымға дейінгі ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталындағы сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/list?governmentId=2704.

Бөлісу: