Өскеменде латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды

5 Қазан 2018, 12:06 2428

Өскеменде 4 қазан күні Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен тілдерді жеделдете оқытудың заманауи технологияларын әзірлеу және енгізу бойынша семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингке «Жағдаяттық қазақ тілі» оқулығының авторы Қанат Тасыбеков, «LingvaTen» тіл орталығының негізін қалаушы Владислав Тен, «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының әдіскері Баян Әлиева, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының» аға-ғылыми қызметкері Айнұр Сейітбекова, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық Достық үйлерінің директорлары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен Достық үйлері жанындағы этно ағарту кешендерінің әдіскерлері мен оқытушылары, тіл саласының мамандары, этномәдени бірлестіктердің жастары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тілдерді қысқа мерзімде оқытудың қазіргі технологиясын дайындау мен енгізуге арналған семинарлар өткізу арқылы Қазақстан халқы бірлігінің маңызды факторы ретіндегі мемлекеттік тілдің рөлін арттыру деді - ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ қызмет басшысы Дүйсенбиев Әділет Құмкентұлы.

Семинар-тренингтің барысында авторлық әдістемелердің таныстырылымдары  мен интерактивті сабақтар өткізілді және қазақ тілінің латын әліпбиіне көшірілуі мәселесі талқыланды. Семинар-тренинг соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Бөлісу: