Өскеменде этнодемографиялық үрдістерге арналған XVII Халықаралықғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті

18 Қыркүйек 2018, 04:55 1920

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйгі күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Қазақстандағы және шекаралас аймақтардағы этнодемографиялық үрдістері» XVII Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясының пленарлық отырысы өтті.

Пленарлық отырыс барысында конференцияға қатысушыларды Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығының директоры Э. Төлеубекұлы және Алтай мемлекеттік университетінің профессоры Ю. А. Лысенко сондай-ақ С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың тарих кафедрасының меңгерушісі Ж.С. Аубакирова құттықтады. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың доценті Раушан Нұрбекова ХХ ғасырдың 30-жылдарында Шығыс Қазақстан өңірінде жүргізілген репрессиялықшаралардың барысы туралы баяндама жасаса, Новосібір мемелекетік университетінің аспиранты Наталья Потапова 1937-1938 жылдарғы КСРО «Ұлттық» операциялары туралы баяндады. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ–дың докторанты Мақсат Кәрібаев этникалық қазақтардың елге оралуы мен олардың ортаға бейімделу мәселесіне тоқталды.

Бөлісу: