Өскемен тұрғыны алкоголь өнімдерін заңсыз өндірген

15 Қыркүйек 2022, 11:12 1494

Қаржылық мониторинг агенттігі алкоголь өнімдерін қолдан жасаумен айналысқан цехтың жолын кесті

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында алкоголь өнімдерін  қолдан жасаумен айналысқан цехтың жолын кесті, деп хабарлайды El.kz 

Өскемен қаласының тұрғыны алкоголь өнімдерін  заңсыз түрде антисанитарлық жағдайда өндірген. 

Оқиға орнын қарау барысында 18 мыңға жуық бөтелке түрлі маркадағы арақ және коньяк өнімдері, 3500 астам түрлі жапсырмалары бар бос бөтелкелер, 700 литр құрамында спирті бар сұйықтық, сондай-ақ алкоголь өнімдерін құюға және жасауға арналған этикеткалар, қақпақтар және басқа да заттар тәркіленді.

Соттың үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, сотталды. Сот шешіміме заттай дәлелдемелер жойылатын болады.

Бөлісу: