Сізге мотивация беретін 12 кеңес

23 Қаңтар 2018, 13:17 107528

Сізді қандай әрекет жігерлендіреді?

Бізге көп жағдайда мақсатқа жету үшін мотивация жетпей жатады. Ақыл мен санаға жүгінсек, бәрін түсінеміз. Бірақ, кейде жалқаулық жар бермей, бір істі бастап кетуге батылымыз жете бермейді. Сол үшін сізге мотивация беруге жәрдемдесетін 12 кеңесті ұсынғанды жөн көрдік.

1.Позитивті көңіл-күй

Мотивацияда көтеріңкі көңіл-күй өте маңызды. Позитивті адам үшін бір істі бастап кету оңай. Өмірдің түрлі қиындықтарына төтеп беру оңайырақ, адамдармен достасып, қарым-қатынас құру жеңіл. Егер үнемі ізденіп, талпынып, алға ұмтылып жүргіңіз келсе тек жақсы істер туралы ойлап, мақсат қойып, соған жету үшін аянбаңыз.

2. Шын көңіліңізден шығатын іспен шұғылданыңыз

Өзіңіз ерекше құлшыныспен айналысатын іспен шұғылданыңыз. Сіз одан табыс табасыз ба, таппайсыз ба – ол маңызды емес. Өзіңіз қалаған іспен айналысу арқылы өзіңізге қуаныш сыйлайсыз. Шын мәнінде жүрек қалауымен жасалған әрекет қашан да адамға керемет мотивация береді.

3. Бағытты ауыстыру

Кейде тіпті өзіңізге ұнайтын іс болса да, мотивация жетіспейтін кезең болады. Онда жағдайда не істеу керек? Сізге бағытты ауыстыру керек. Сіз бір орында тым ұзақ уақыт отырып қалдыңыз. Жұмыс ауыстырыңыз не болмаса ақыл-ойға салмақ салатын қызметтен бизнеске ойысыңыз. Мүмкіндігінше басқа іспен шұғылдануға тырысыңыз.

4. Өміріңізді күрделендіре бермеңіз  

Артық және қажет емес атақтан арылыңыз. Өзіңіз қиялдан құрастырып алған жетістіктен құтылыңыз. Мәселен, бұрын мен үшін қоғамда өз статусымның болғаны маңызды еді. Ол үшін ең әуелі жетістікке жеткен адам болуың тиіс. Ол жетістіктің көрсеткіштері – «жақсы» кеңседе отыратын жұмыс, жаңа көлік, өз баспанаң, карьерасы мықты күйеуіңнің болуы. Алайда, мұның бәрі өзім үшін емес, мені қоршаған орта, қоғам үшін маңызды еді. «Жұрт мен туралы не ойлайды?» деген сұрақтың жауабы үшін сияқты.

Ал қазір ондай түсінік мен үшін маңызды емес. Менің өмірім қарапайым есесіне менің көңіліме жағады. Гармония пайда болды, жандүнием тыныш. Ертеңгі күнге деген үміт бар – осының өзі мені алға жетелейді.

5. Спортпен шұғылданыңыз

Сіз спортпен шұғылданғанда денеңізде эндорфин атты бақыт гармоны өндіріледі. Егер күйзелістің белгілерін байқап, өзіңізді нашар сезінсеңіз жүгірумен шұғылданыңыз. Спортқа жазылып, бассейнге барыңыз. Спортқа сонша ынтық болмасам да, өзімді мәжбүрлі түрде көндіремін. Себебі, бақытқа жетудің тегін әдісі деп санаймын.

6.Мотивация беретін фильмдер қараңыз

Біздің өмірімізде киноның мәні зор. Мотивация беретін қаншама тағдырлар туралы фильмдер бар, соларды қараңыз. Жігеріңізді арттырып, мотивация беретін фильмдерден кейін бірден көңіл-күйіңіз көтеріліп, пайдалы бір іспен шұғылдануға ынта пайда болады.

7.Дұрыс тамақтаныңыз

Таң қалмасқа амал жоқ, тамақтанудан да мотивация алуға болады. Құнарлы әрі пайдалы ас ең әуелі көңіл-күйге сосын жұмыс күнінің өнімділігіне әсер етеді. Суды көбірек ішіңіз, көкеніс пен жеміс-жидек көбірек тұтынуға тырысыңыз, ішкі ағзаны тазалауға тырысыңыз. Бұл қадам – дәрігер мен дәріге көп шығынданудан сақтайды.

8.Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніңіз

Пайдасыз телебағдарламалар мен ұзын-сонар телехикая қарауды қойыңыз, сары басылым оқымаңыз, өмірге орынсыз өкпелеуден арылыңыз, біреуді сынап-мінеуден тыйылыңыз. Мұның бәрі – алтын уақытыңызды босқа өлтіреді. Одан да бос уақытыңыз шыға қалса, оңаша қалып, өмір туралы ойлануға машықтаныңыз.

9.Өзіңізді дамытумен шұғылданыңыз

Мотивация үшін рухани кемелденуге тырысыңыз. Пайдалы әрі жігерлендіретін кітаптар оқыңыз. Түрлі курстар мен тренингтерге жазылып, мүдделес адамдармен араласыңыз.

10.Табиғатқа жақын болыңыз

Табиғат аясына шығып, саф ауамен тыныстау қашан да денсаулыққа пайдалы. Гармония мен әлемнің сұлулығын сезіну арқылы ми тынығады. Табиғат ана жанымызды емдеп, көңілімізді сергітеді. 

Бақытгүл Абайқызы
Бөлісу: