Бүгін Халықаралық білім беру корпорациясында студенттерге конституциялық реформаларды түсіндіру жұмыстары өтті.
Онлайн шарада студентттердің референдумға қатысты маңызды сауалдарға «Күміс ғасыр» қоғамдық қорының директоры Әсия Аканова жауап берді.
- Қазір Қазақстанда өзгеріс уақыты. Мықты парламент бұл – біз. Яғни, қарапайым халық. Бақытты өмір сүруге барлық адам ұмтылады. Сол үшін референдумда дауыс беруге шақырамын. Референдум әр адамның пікірін білуге көмектеседі. Референдум бізге ешқандай өзгеріс әкелмейді деген ойдан біз арылуымыз керек. Билікке сенбейтін, бәріне күмәнмен қарайтын біздің менталитетімізді өзгерту керек, - деді Әсия Аканова.
Сонымен қатар, қоғамдағы өмір сүру сапасы мен студенттердің белсенділігі, білімі және мүгедектерді қолдау бойынша түрлі тақырып төңірегінде әңгіме өрбітті.