Сирияда лаңкестік оқиғаларға қатысқан Қазақстан азаматы өз еркімен күштік құрылымға берілді

11 Қараша 2023, 13:18 1511

ҰҚК қызметкерлері 2013 жылдан бастап Сирияда террористік топтар құрамында болған ҚР азаматын Түркиядан Қазақстанға жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның радикалдық идеялардан көңілі қалғаны, өз еркімен лаңкестік әрекеттен бас тартып, Түркияға өткені және отанына оралу үшін билік өкілдеріне берілуді шешкені белгілі болып отыр.

Өзінің әрекетімен ол басқа содырларға олардың одан әрі террористік белсенділік аймақтарында болудың келешегі жоқ екенін көрсетпек болды. Сонымен бірге, ол Қазақстанға келгеннен кейін бірден қамауға алынды.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы (лаңкестік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) бойынша қылмыстық іс тергеп-тексеріліп жатыр. Сонымен бірге, оның ерікті түрде берілу дерегі де тергеу барысында ескерілетін көрінеді. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: