Сиқырлы сусын: жас әрі сұлу болып қаламын десеңіз...

20 Желтоқсан 2023, 16:45 4098

Көк шайдың пайдасы туралы ғалымдар мен дәрігерлер жиі айтады. Әсіресе, пайдалы сусынды артық салмақпен күресте, жүрек-қан тамырлары ауруында кеңінен қолданылады. Шын мәнінде көк шай мың бір дертке дауа, дегенмен кейбір адамдарға одан бас тартқан жөн. Ал әйелдер үшін көк шай нағыз сиқырлы сусын. Ол жас болып қалуға, тері сұлулығын сақтауға оң әсерін тигізеді. Көк шайдың ағзаға әсері туралы баяндамақпыз.

Көк шай адамның жүйке жүйесін тынышталдырады, ұйқышылдықты азайтады, бас-ми жүйесінің жұмысына пайдасын тигізеді. Сондай-ақ инфаркт қаупін төмендетеді.

Құрамында кофеин бар көк шайды депрессия кезінде ем ретінде қолдануға болады, ұйқышылдықты азайтады, мидың жұмысын ынталандырады. Сондай-ақ ол жүрек-қан тамырлары жүйесіне, қан қысымына пайдалы әсер етеді, холестеринді төмендетеді, миокард инфаркі қаупін азайтады, қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің дамуын тежейді, салмақ тастауға ықпал етеді. Сусын ішу иммунитетті нығайтады, ауруларға төзімділікті арттырады, көздің көруін жақсартады (оның ішінде глаукоманың алдын алу үшін пайдалы), антиоксиданттар арқылы ағзаның қартаюын баяулатады. 2006 жылы жүргізілген зерттеуге сәйкес, күніне бес реттен артық көк шай ішкендер арасында өлім-жітім деңгейі әйелдерде 23%-ға, ерлерде 12%-ға төмендеген. Сондай-ақ жүрек-қан тамырлары аурулары қаупін 31%-ға, инсультты 42%-ға азайтқан.

Көк шайды кімдерге ішуге болмайды

Оның құрамына кіретін кофеиннің әсерінен көк шайды жүйке аурулары, ұйқысыздық дерті бар адамдарға тұтынбауға кеңес береді. Мұндай адамдардың жағдайын нашарлатуы мүмкін. Сондай-ақ кейбір басқа препараттармен бірге қанды сұйылтатын дәрілерді ішкен кезде  қолдануға болмайды. Көк шай жоғары қан қысымы, бүйрек, асқазан және бауыр аурулары бар адамдарға зиянды болуы мүмкін. Оны басқа ынталандыратын сусындармен – кофемен, энергетиктермен, алкогольмен араластырмағаныңыз жөн. Темір жетіспеушілігі кезінде мұндай шайды тамақтанардан 30 минут бұрын ішу керек. Жүкті әйелдердің ішпегені жөн.

Ерлер денсаулығына көк шайдың әсері қандай

Ерлер үшін бұл сусын пайдалы, себебі ол миокард инфаркінің, жүректің ишемиялық патологиясының және басқа жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін азайтады. Көк шай жақсы сергітеді, жүйке және ойлау процесін жақсартады. Зерттеулер көрсеткендей, ерлердің күш-қуат концентрациясын арттырады. Айта кететін жайт, жүйке аурулары мен ұйқысыздық, гипертония, асқазан-ішек аурулары кезінде қолданбаған жөн.

Көк шайдың әйелдерге пайдасы мен зияны

Көк шай әйелдерге арналған сұлулық сусыны болып саналады, ол салмақ жоғалтуға көмектеседі, антиоксиданттардың арқасында дененің қартаю процесін баяулатады. Әйелдерге арналған көптеген бет күтімі өнімдеріне көк шай қосылады. Ол терінің өңін тегістейді, қабынумен күреседі, майдың түзілуін реттейді, әжімдердің пайда болуына жол бермейді. Әйелдер үшін көк шайдың ең маңызды қасиеттерінің бірі –  сүт безі қатерлі ісігінің қаупін тұрақты тұтынумен 20-30%-ға дейін төмендетеді. Асқазан-ішек жолдарының, бауыр мен бүйректің аурулары, жүктілік және лактация кезеңінде ішпеген жөн.

Жасмин қосылған көк шай

Бұл шай А, В, С дәрумендері, кальций, магний, натрий, калий, фосфор, хлор, аминқышқылдарына бай. Ол ақыл-ой белсенділігін ынталандыру арқылы жақсы концентрацияға ықпал етеді. Жасмин қосылған көк шай  нейродегенеративті аурулардың алдын алады. Паркинсон, Альцгеймерді болдырмайды.

Матча көк шайы

Матча шайы соңғы уақытта өте танымал болды. Ол шай ағашының жапырақтарын қуыру және ұнтақтау арқылы жасалады.

Ол ағзадан токсиндерді шығарады, оны антиоксиданттармен қанықтырады, қуаттандырады, зейінді арттырады, жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтады, иммундық жүйені нығайтады, теріге оң әсер етеді, жас болып қалуға ықпалы бар. Көк шайды шамадан тыс тұтыну тітіркенуге, бас ауруына, ұйқысыздыққа, диареяға әкелуі мүмкін.

Көк шайдың медицинада қолданылуы

Көк шай дәстүрлі үнді және қытай медицинасында қолданылады. Олар жоғары қысымды емдейді. Қан тамырлары мен жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді. Ас қорытуға көмектеседі, токсиндерді бейтараптандырады, көруді жақсартады деп санайды. Бұл артық салмақты қалыпқа келтіруге көмектеседі, жүрекке пайдалы, ісікке қарсы қасиеттері бар. Қазіргі ғылым көк шай псориазды емдеуге жарамды деген қорытындығы келген. Қант диабетінің даму қаупін азайтады.

Көк шайды қалай қайнатқан дұрыс

Көк шай дәмін бұзатын қатты қоспаларсыз қайнатылуы керек. Оны қайнағаннан кейін бірден өшіріп, 75-80 градус температураға дейін сәл салқындату керек. Ыдыс-аяқты ыстық сумен алдын ала қыздыру керек. Содан кейін оған шай жапырақтарын салып, аздап ыстық су құю керек. Осыдан кейін іше беруіңізге болады.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: