Синоптиктер жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады

7 Қазан 2022, 06:14 1236

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.

Қазгидромет мәліметі бойынша, еліміздің солтүстік, батыс өңірлерінің ауа райына солтүстік-батыстан келетін циклон әсер етеді, деп хабарлайды El.kz.

Осыған байланысты жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында найзағай жарқылдап, жауын-шашын болады.

Еліміздің шығыс жартысы әлі де антициклонның ықпалында. Сондықтан жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді. Түнде шығыста, солтүстік-батыста тұман түседі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.

Бөлісу: