Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

28 Желтоқсан 2022, 20:50 938

Тұман түсіп, қар жауады

Синоптиктер Қазақстанның 10 өңірінде күн райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

29 желтоқсанда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде бұрқасын болады.

Абай облысында Семей, Риддер қалаларында және ШҚО-да Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертілді.

Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстік-батысында көктайғақ болуы мүмкін.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстаноблысының оңтүстік-батысында бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде және Петропавл қаласында тұман түседі.

Маңғыстау облысыныңбасым бөлігінде жауын-шашын(қар, жаңбыр) жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с.

Ақтау қаласында 29 желтоқсанда түнде көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шымкент қаласында түнде тұман түседі.

Қостанай облысыныңбасым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

EL.KZ
Бөлісу: