Синоптиктер 8 градусқа дейін аяз болатынын хабарлады

22 Сәуір, 15:55 2099

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы күндері аяз болатынын хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республиканың басым бөлігінде найзағай, жаңбыр күтіледі. 25 сәуір күні еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр қарқындылығы қатты болады. Тек аптаның басында еліміздің солтүстігі мен шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Республика бойынша екпінді жел, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ, дауыл болады деп болжануда.

Арктикалық ауа массаларының енуінен еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында ауа температурасы түнде 1-8 градус аязға дейін төмендейді, ал күндіз 3-13 градус жылы болады, орталықта түнде 0-5 аяз болса, күндіз 5-15 жылы ауа райы сақталады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: