СІМ өкілі «Жаһандық әйелдер саммитіне» қатысады

6 Мамыр, 17:07 1454

9-11 мамыр аралығында Мадрид қаласында (Испания) ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева Испанияның патшайымы Летицияның қамқорлығымен ұйымдастырылған жыл сайынғы Жаһандық әйелдер саммитіне қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, аталған саммит – мемлекеттік, жеке және коммерциялық емес ұйымдардың әйелдер мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған алаң.

Іс-шара барысында әлемнің түкпір-түкпірінен келетін әйел көшбасшылары әзірлеген шешімдері мен стратегиялармен бөлісу арқылы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылау жоспарлануда, - дейді Смадияров.

Сапар аясында Н.Нұрбаева «Әйелдер: болашақ экономикасын жандандыру» тақырыбындағы министрлер деңгейіндегі дөңгелек үстелге қатысып, Қазақстанның гендерлік саясаттағы елеулі жетістіктерін және Қазақстан Үкіметінің, «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының және қазақстандық әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен күш-жігері туралы ақпаратты ұсынады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: