СІМ өкілдері Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық серіктестікті талқылады

Бүгiн, 06:33 297

Еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэти Личпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Кездесу барысында тараптар екі елдің 2024 жылғы өзара іс-қимыл қорытындыларын талқылап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармердің Бакуде өткен СОР29 алаңындағы кездесуі ерекше аталып өтті. Сұхбаттастар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қою нәтижелері бойынша ынтымақтастықты кеңейту жоспарларын, сондай-ақ алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.

Тараптар саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда, ғылым және білім бағытында, оның ішінде Ұлыбританияның академиялық институттары мен университеттерін Қазақстанға тарту бойынша қарқынды өзара іс-қимылды құптады. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін жаңа қолайлы жағдайлар жасау мен екіжақты белсенді байланыстарды қолдау бойынша ортақ мүдделілік танытты. 

Тараптар серіктестікті одан әрі нығайту бойынша келесі қадамдар аясында қазақ-британ Стратегиялық диалогы мен Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы сияқты екіжақты тетіктердің жұмысын жалғастыруға ерекше назар аударды. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сирек жер металдары саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. 

Асқар Таудай
Бөлісу: