СІМ-де USAID-пен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

26 Тамыз 2023, 06:28 825

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко АҚШ-тың Азия бойынша Халықаралық даму агенттігі (USAID) әкімшісі көмекшісінің орынбасары Анджали Каурмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Тараптар Қазақстан мен USAID арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, өңірлік сауда, жаңартылатын энергия көздері мен климаттың өзгеруі мәселелерін, сондай-ақ KazAID және USAID арасындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Америкалық тарап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын қолдайтынын, сондай-ақ USAID денсаулық сақтау, заң үстемдігі, экономиканы әртараптандыру, энергетика, қоршаған орта және т.б. салалардағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды жалғастыруға бейілділігін растады.

1992 жылдан бастап USAID Қазақстанда кең ауқымды бағыттарды, соның ішінде экономиканы әртараптандыру, энергетика, экология, денсаулық сақтау, заң үстемдігі және т.б. салаларды қамтитын көптеген жобаларды іске асырды.

Перизат Саденова
Бөлісу: