СІМ-де Украинаның Қазақстандағы елшісімен кездесу өтті

23 Тамыз 2022, 13:51 1108

Елшінің мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірілді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Министрдің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаевтың Украинаның Қазақстандағы Елшісі Петр Врублевскиймен кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Елшіге 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірілді. 

Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіндігі және қолайсыздығы туралы ұстанымын білдірді. Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуге тиіс.

Бөлісу: