СІМ-де Қазақстан мен Қытайдың екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

2 Ақпан 2023, 20:02 1047

Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Чжан Сяомен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жарияланды.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Қытай жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытудың ахуалы мен келешегі, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Қ.Тумыш жоғарғы және жоғары деңгейде саяси диалогты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ коронавирус індетінен кейінгі кезеңде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар 2022 жылы 24,1 млрд АҚШ долларын құрған екіжақты тауар айналымы көрсеткішінің оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтті.

EL.KZ
Бөлісу: