СІМ-де босқындар мен азаматтығы жоқ адамдардың мәселелері талқыланды

6 Қараша, 06:29 314

Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының көмекшісі Рувендрини Меникдивеламен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

А.Рахметуллин сұхбаттасын босқындарды қорғау саласындағы ұлттық заңнаманың жетілдірілуі, сондай-ақ Қазақстанның босқындарға, ішкі қоныс аударған және азаматтығы жоқ адамдарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі іс-қимылдары туралы хабардар етті.

Р. Меникдивела Қазақстан мен Орталық Азиядағы азаматтығы жоқ адамдарды қысқарту саласындағы елеулі жетістіктерді атап өтті. Қазақстанға азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру жөніндегі #IBelong екі ұлттық компаниясының табысты аяқталғаны үшін алғыс білдірді.

Тараптар босқындардың құқықтарын жақсарту және гуманитарлық қорғау мақсатында Қазақстан мен БЖКБ арасындағы ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растады.

Перизат Саденова
Бөлісу: