Қазақстан СІМ басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысын қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті.
СІМ мәліметінше, тараптар Қазақстанның 2024 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалығы шеңберінде жоспарланған елемізде өтетін іс-шаралар жөнінде пікір алмасты.
2024 жылдың маусым айында жоспарланған ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің алдағы отырысының бірқатар ұйымдастыру мәселелерін қарастыруға ерекше назар аударылды.