Сианьда тұрақты жұмыс істейтін қазақстандық павильон ашылады

19 Қараша 2023, 15:44 638

Қазақстан Республикасының Бас консулдығы «Жібек жолы 7-ші халықаралық форумына» және Қытайдың «Шығыс-Батыс» ынтымақтастық, инвестициялық және сауда көрмесіне белсенді қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы көрме аясында Қазақстан Республикасының Бас консулдығы Сиань қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасының қолдауымен тұрақты жұмыс істейтін қазақстандық павильон ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Қазақстандық көрме павильонының ашылу және тұсаукесер рәсіміне Шэньси провинциясы губернаторының орынбасары мен Алматы облысының әкімі және басқа да көптеген жоғары дәрежелі қонақтар қатысып, көрмеге келушілерді қазақ халқының бай мәдениетімен, дәстүрлерімен және отандық өнімдерімен таныстырды.

Сонымен қатар, осы іс-шара аясында ҚР Бас консулдығының бастамасымен Сиань қаласындағы дипломатиялық миссия ғимаратында Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп қаржы институттары мен жеке инвестициялық компаниялар өкілдерінің қатысуымен бизнес-конференция ұйымдастырылды. Өткен В2В келіссөздер барысында мүдделі тараптар экономиканың түрлі салаларындағы тығыз ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға шынайы қызығушылық танытты.

Келіссөздер нәтижелері бойынша құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқару, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығын дамыту, азық-түлік тауарларының импорты мен экспорты және т. б. салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы он бес келісімдер мен Меморандумдарға қол қойылды.

Сианьдағы ҚР Бас консулдықтың ғимаратында ауқымды және жоғары деңгейдегі іс-шаралардың идеясын қатысушылар мол қызығушылықпен қарсы алды.

Асқар Таудай
Бөлісу: