Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Астанадағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) саммитіне қатысу үшін Бейжіңнен ұшып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Си Цзиньпин Бейжіңнен ШЫҰ саммитіне қатысуға және Қазақстан мен Тәжікстанға мемлекеттік сапармен кетті, - делінген «Синьхуа» ақпаратында.
Айта кетейік, 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.