ШЫҰ кезінде Астанада қашықтан жұмыс форматы енгізіледі

2 Шілде, 02:49 550

2024 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ саммит өткізу кезеңінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында полицияның жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, соның ішінде жол кептелісін болдырмау үшін мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 70 пайызы 2-4 шілде аралығында қашықтан жұмыс форматына ауыстырылады. 3-4 шілдеде мектепке дейінгі мекемелер де жұмыс істемейді.

Бұл – ірі халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс енгізілетін әлемдік тәжірибе.

Перизат Саденова
Бөлісу: