Шыршаны заңсыз кесудің 400-ден астам фактісі анықталды

3 Қаңтар, 20:54 973

Полицейлер заңсыз ағаш кесіп, қылқан жапырақты ағаштарды тасымалдау, сондай-ақ сату фактілерінің жолын кесу мақсатында “Шырша” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Шара барысында шыршаны заңсыз кесудің 400-ден астам фактісі анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Базарларда және басқа жерлерде 724 жедел топ құрылған. Оның 434-інде табиғатты қорғау органдарының өкілдері бар.  Нәтижесінде 2,6 мыңнан астам рейд жүргізілді.

Көрші мемлекеттердің шекаралас облыстарының аумақтарынан әкелінген қылқан жапырақты ағаштарды белгіленбеген жерлерде, сондай-ақ тиісті құжаттарсыз сатуға тыйым салу бағытында елдімекендерде тексерістер жүргізілді. 

Оқи отырыңыз:

“Шырша” операциясы барысында 700-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 12-сі заңсыз кесу фактісі, 400-ден астамы шыршаны заңсыз кесу мен белгіленбеген жерлерде сату, 302-сі жасыл желектерді ұстау және қорғау ережелерін бұзу. 4 қылмыстық іс қозғалды. 

Атап айтар болсақ, Таразда шыршаны тікелей жеке сектор аумағынан ұрлап кеткен ер адам ұсталды. Бұл туралы полицияға үй иесі хабарлаған. Ер кісі түнгі уақытта биіктігі 2 метрден асатын жаңа жылдық мерекенің көшетін еш саспастан ұрлап әкетіп, жәбірленушіге 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Ұсталған адамның айтуынша, ол шыршаны жаңа жылды тойлау үшін үйіне әкелген. Осы факті бойынша “Ұрлық” бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Перизат Саденова
Бөлісу: