Шыңжаңда жер сілкінісінен 47 үй қирап, 78 адам зардап шекті

23 Қаңтар, 16:09 1431

Шыңжаңда жер сілкінісінен 47 үй қирап, 78 адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚХР Сейсмологиялық орталығының мәліметінше, Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Ақсу округының Уши уезінде 7,1 балл жер сілкінісі болды. Зілзаланың өлкенің орталығы – Үрімжіде, оған жақын маңдағы аудандарда өте күшті сезілген. Соның салдарынан 47 үй қирап, 78 адам зардап шекті.

Жер сілкінісі 23 қаңтарда сағат 02:09-да болған. Ошақтық тереңдігі – 22 шақырым.  Зілзала Ақсу, Атуш, Қотан, Қашқар, Іле, Қорла, Қарамай мен басқа жерлерде қатты сезілді.

Жер сілкінісі Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанның аумағында да байқалды. Елімізде дүмпу негізінен Алматы қаласында тіркелді.

Равиль Ашығали
Бөлісу: