Шыңжаңда 7,1 балдық жер сілкінісі болды

23 Қаңтар, 10:06 2045

Қытай орталық теледидары мен Синьхуа ақпарат агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісі 23 қаңтар күні сағат 02:09-да Шыңжаңның Ақсу аймағында орналасқан Уши ауданында орын алған, ошақтық тереңдігі - 22 шақырым, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісі жақын маңдағы аудандарда өте күшті сезілген, Үрімжіде де сезілді. Көптеген үйлер қирады, жараланған адамдар бар.

Жер сілкінісі Ақсу, Атуш, Қашқар, Іле, Қорла, Қарамай және басқа жерлерде қатты сезілді.

7,1 балдық жер сілкінісінен кейін көптеген афтер дүмпулер болды. Қытайдың сейсмологиялық желісі таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша магнитудасы 3,0 немесе одан жоғары жалпы 40 афтер сілкінісін тіркеді, - деп жазды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Қытай ақпарат құралдарының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағынан 5 шақырым жердегі орташа биіктік шамамен 3048 метрді құрайды, ал эпицентрден 20 шақырымда халық саны өте сирек.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: