ШЫНШЫЛ ҒАЛЫМ

17 Қазан 2014, 06:16

ТАЛАЙДАН ШЫНШЫЛ ҒАЛЫМ

Қазақстандық əйгілі ғалым, доктор Нəбижан Мұхаметханұлы айтқандай, “Тарихы ең ұзын, 5 мың жылдық тарихы бар, оның ішінде 4 мың жыл жазба мəдениеті үзілмей келе жатқан Қытай - ерте заманның орда тарихышыларын ұстап жаздырып келе жатқан, сондай-ақ өзге елдер тарихын бақылап, əлемдік тарихи деректерді қадағалап, өз көз қарасымен қағазға түсіріп келе жатқан мемлекет”.

Осы мемлекетте ғана емес, бүкіл əлемдегі сүбелі тарихтардың бірі - «Тарихи жазбалар». Бүкіл əлем əдебиеттерінің ішінде, Үйсін ұлысын ең алғаш ауызға алған кітап та - осы«Тарихи жазбалар».

«Тарихи жазбалар» (алғашқы аты - “бас бітікші жазбалары” - “) - былайғы Қытай тарихына ықпалы аса күшті болған, өте көлемді (іргелес өзге елдердің де талай ісін қамтыған), тұңғыш,жалпы (Қытайдың б.з.б. 3000 жылын баяндаған) Қытай тарихы. «Тарихи жазбалар» - тілі шұрайлы,бейнелеуі айшықты, үздік əдеби туынды да. Онда автордың бірталай философиялық тұжырымдары да бар.

1998 жылдың 20-қаңтарындағы “Гуаңмиң рыбауда” Су Шуаңби айтқандай: “«Тарихи жазбалар» - жасампаз, билік баяндық жəне ғұмырнамалық  жалпы тарих. Сыма Чянның «Тарихи жазбалары» ақиқат естеліктері саналады”.

Дың Хұңгуаң  «Тарихи жазбалардан дəстүри тарихтағы саналы рухқа көз салғанда» деген еңбегінде: “Тарихи жазбалар шындықты хаттағаны үшін мəңгі жасай береді. Ол тарихты шынайы аңыс етті, тарихқа ақиқаттық таныммен хаттау жүргізді. Сыма Чян қол жеткізген тарихи таным - оның дəуіріндегі тарихи ақиқатқа қаратылған танымның ең жоғарғы деңгейі. Сыма Чян қоғам тарихы өзгереді, өзгеру барысында үздіксіз ілгерілейді. Алайда тарихтың барысы мен қағидатын іздеу үшін, мол білім мен көрегендік ғана емес, батылдық пен батырлық та қабағат қажет деп білді”. Сыма Чян - бұл білгенін атқарған тарихшы.

“Гуаңмиң рыбаудың” 1999 жылғы 3-мамыр санында Хəн Жаучи айтқандай: “«Тарихи жазбалар» - Қытайдағы адамды кіндіктұс еткен, тұңғыш та ұлы тарихи туынды, сондай-ақ Қытайдағы ерте замандық, адамды кіндіктұс еткен, ұлы да тұңғыш əдеби туынды. Тарих тұрғысынан айтқанда, ол Қытайдың ерте заманғы 2000 жылдан астамғы əулеттерінің “дұрыс” тарихының бастауын ашты; əдебиет тұрғысынан айтқанда, ол тұңғыш рет түрі бай өнери тəсілді қолданып, алдымызға талай адамдардың жанды келбетін тартты. АҚШ -тың осы заман синологы Андреу Һ. Плакес «Тарихи жазбаларды» Қытай ерте заманының “тарихи дастаны”, оның Қытай кейінгі заман əдебиетіне ықпалы ертедегі «Иллиада» мен «Одиссеялардың» кейінгі еуропа мəдениетіне ықпалына ұқсас деген болатын”.

Тілімізге тиектің ең алғышқысы жəне ең сенімдісі саналатын «Тарихи жазбаларға» зер салумен қатар, оның авторына да айрықша назар аударған жөн. Өйткені кез-келген шығарманың затын оның авторы белгілейді. Ал, Сыма Чян -əрі қаракөктің ұрпағы, əрі шыншылдығымен, əділдігімен өзсөзді патшаның қарғысына жолыққан, обалды болған расшыл ғалым. Қазақстандық ғалым Əлімғазы Дəулетхан: “Ұлы Ғұн империясының жəй-жапсарын жетік білетін ғұлама тарихшы Сыма Чян шындыққа құрметпен қараудың, ғылымға адалдықтың жарқын үлгісін көрсетіп еді” деп өте дұрыс айтқан.

Сұлтан Жанболат, "Ежелгі ұлыс тарихы"

Бөлісу: