Шымкенттің үш емханасында үздік практикалар орталықтары ашылды

28 Қараша 2023, 22:02 609

Онда пациенттерді қолдау қызметтері, халықпен кері байланыс бағдарламалары (АҚМКБМ), отбасылық денсаулық орталықтары және тренинг орталықтары жұмыс істей бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Озық практикалар орталығы жұмысының шеңберінде емханалар құрылымдарында көптеген оң өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, №3 емханада профилактикалық жұмысты күшейту, патронаждық қызметтердің әмбебап-прогрессивті моделін көрсетуді жақсарту бойынша шаралар қабылданды, Денсаулық мектептері мен Халық кеңесі құрылды.  

 Шымкент қаласының N1 қалалық емханасының базасында Озық практика орталығы ашылды. Жаңа жобаның шеңберінде медицина қызметкерлерінің халықпен байланысы нығайып, дәрігерлер емдеу жұмыстарынан басқа пациенттерге әлеуметтік көмек көрсетеді.

Емханада жарқын достық интерьерден, үй-жайларды аймақтарға бөлуден бастап айтарлықтай өзгерістер болды, дәрігерге дейінгі тексеру, ерлердің ұзақ өмір сүруі, әйелдердің қарау бөлмелері тиімдірек жұмыс істей бастады. Пациенттерге ыңғайлы болу үшін «емханада алғашқы 5 минут»  жүйесі енгізілді, ол МСАК-қа көмек сұраған әрбір адамды навигациямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, екінші қабатта Отбасылық денсаулық орталығы орналасқан, оның құрамында отбасылық дәрігерлер мен мейіргерлер жұмыс істейді, оның ішінде 8 мейіргер өз бетінше қабылдап, көрсетілімдер бойынша дәрігерлерге жібереді. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау мектебінің нәтижелері көрінеді, онда пациенттер ауруларды басқарудың, отбасын жоспарлаудың және босануға дайындықтың әртүрлі бағдарламаларына қатысады. 

Үздік практика орталығында № 7 қалалық емхана базасында денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша ақпараттандырылған қоғамдық мониторинг, халықпен кері байланыс бағдарламалары, тіркеу орындары, тренинг орталығы, Жастар орталығы іске асырылды. 

Мұнда үздік практика орталығы жобасының шеңберінде оқушылардың саламатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше назар аударылатын болады. Ол үшін емханада медицина қызметкерлерінің, психологтардың және әлеуметтік қызметкерлердің мультидисцилинарлық тобы құрылды, мектепте мейіргер кабинеті жұмыс істейді. Мұндағы мақсат - мектеп жасындағы балалардың сырқаттанушылығын ерте анықтау. Қазіргі уақытта жасөспірімдер ата-аналарымен дұрыс қарым-қатынас жасамау, құрдастарының арасында қорқыту салдарынан күйзеліске ұшырайды. Жасөспірімдерге қажетті психологиялық және медициналық көмек көрсету үшін бұл жағдайларда мультидисцилинарлық топ жұмыс істейді.

МСАК базасында Үздік практикалар орталықтарын ашудың негізгі мақсаты – медициналық көмектің қолжетімділігін және халықтың қанағаттану деңгейін арттыру, адам мен оның отбасының қажеттіліктері саласындағы денсаулық сақтау қызметтерін интеграциялау, шағымдарды азайту, шағымдардың түрлерін талдау, ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс жүргізу, халықтың медициналық сауаттылық деңгейін арттыру, аурулардың профилактикасы процесіне қатысу, халықтың денсаулығын сақтау саласындағы жобалар мен әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу, диагностикалық бағдарланған тәсілден жеке тұлғаға бағдарланған тәсілге көшу, халықпен «бірлесіп жұмыс істеу», халықты сауықтыру және өмір сүру ұзақтығын арттыру.

Үздік практикалар орталықтарының ашылуына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығының президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төлебай Қосиябеков, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков қатысты.

Берік Арманов
Бөлісу: