Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасына үкім шықты

2 Тамыз, 20:01 7922

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасы Марат Әйтеновке қатысты қылмыстық іс қаралды. Экс-шенеуніктің бауыры кінәлі деп танылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қалалық соттың мәліметінше, Марат Әйтенов бұрынғы әйелін тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген зорлық-зомбылық әрекетін жасаған. Оған Қылмыстық кодекстің 109-1-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылды.

Марат Әйтенов сот шешімінің негізінде сот орындаушылары жүргізген көшіру барысында жәбірленушіге, яғни бұрынғы жұбайына қатысты қасақана зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап, оған көгерулер мен қанталау түрінде дене жарақатын келтірген. Сотталушының кінәсі оқиға орнының жазбасымен, сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді,-делінген мәліметте.

Сотталушы өзінің кінәсін мойындап, шын жүректен өкінетінін жеткізген.  

Сот үкімімен Марат Әйтенов 12 тәулік мерзімге қамаққа алынды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. 

Еске салсақ, бұған дейін бұрынғы әйелі мен балаларын үйден қуған Марат Әйтенов Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 73 - бабының 1-бөлігімен қамаққа алынған болатын. Сот отырысында экс-әкімінің ағасы оқиға болған күн жайлы айтып берді.

Зарина Арман
Бөлісу: