Шымкенттік тұрғын екі жасар баланы 4-қабаттан лақтырып жіберді

24 Қараша 2023, 12:23 1337

Жедел жәрдем қызметінен 23 қарашада сағат 21:00-де баланың терезеден құлағаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Әл-Фараби ауданында, Ғ.Иляев көшесінің бойында 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде болған.

Полиция департаментінің қызметкерлерінен болған оқиға туралы ақпаратты нақтылау кезінде баланы 4-ші қабаттың терезесінен психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысы терезеден тастағаны анықталды.

2021 жылы туған бала ауруханаға жатқызылды, жағдайы ауыр. Оқиғаның мән-жайын Полиция департаментінің қызметкерлері анықтауда.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: