Шымкентте Полиция департаменті және жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің қатысуымен кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы сабағы аясында іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлері мен қала тұрғындары арасында мерекелік марафон ұйымдастырудағы мақсат - азаматтардың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, шығармашылығын дамыту және салауатты өмір салтына баулу.
Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған кіші марафон қаладағы дендрологиялық саябақта өтті. Өз кезегінде департамент басшылығы марафонға белсенді қатысып, шеберліктерін танытқан барлық қатысушыларға алғыс айтып, медальдар мен мақтау қағаздарын табыстады.