Шымкенттік мұғалім джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды

7 Мамыр, 07:10 810

Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өтіп жатқан Азия чемпионатында шымкенттік мектеп мұғалімі чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жарыста қаладағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұлдызай Ибраева сәтті өнер көрсетіп, алтын алқа иеленді. Алғашқы белдесуде Вьетнам спортшысымен кездесіп, жартылай ширек  финалда үндістандықты ойсырата жеңген шымкенттік мұғалім финалдық кездесуде Маңғолия спортшысын ұтып, жеңіске жетті.

Таеквондодан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың күміс жүлдегері Жұлдызай Махмуджанқызы ел намысын талай додада абыроймен қорғап жүр.

Ересектер мен жастар арасындағы сайысқа Қазақстан ұлттық құрамасынан 300, оның ішінде Шымкенттен 10 спортшы қатысуда. Жеңімпаз Греция астанасы Афинада өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Сондай-ақ Азия чемпионатында алтын алған спортшылар жыл соңына жоспарланған Анталия қаласындағы Панкратион спортынан әлем чемпионатында да өнер көресететін болады.

Зарина Арман
Бөлісу: