Шымкенттік футбол клубы ел біріншілігінде қарсыласын басып озды

29 Мамыр 2023, 03:30 505

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде 11-турында «Қызылжар» мен «Ордабасы» командалары кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Турнир кестесінде «Ордабасы» екінші орында тұрса, «Қызылжар» үшінші орында тұр. Ойын тартыс өтті.

Алғашқы минуттан командалар шабуылға көбірек көңіл бөлді. Әсіресе, петропалдық футболшылар тарапынан белсенділік байқалып тұрды.

«Ордабасы» ойыншысы Бернардо Матич 93-минутта кездесу тағдырын шешкен голды соқты.

Осылайша шымкенттік клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Бұған дейін 27 мамырда  «Мақтарал» «Қайратты» 3:1 есебімен жеңіп кеткені туралы жазған болатынбыз.

EL.KZ
Бөлісу: