Шымкенттік дәрігерлер инсульт алған жас жігітті аман алып қалды

26 Маусым, 03:40 1066

Шымкент қалалық №2 ауруханасына 19 маусым күні сағат 22:05-те жедел жәрдем қызметімен 24 жастағы науқас жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, жас жігітте инсульт белгілері анықталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қабылдау бөлімінде науқасты инсульт орталығының невропатолог дәрігері Арман Қарақұл қабылдап, жедел түрде компьютерлік тиомографиялық тексеру жасалынған. Науқасқа бас миына субарахноидальды қан құйылу диагнозы қойылған. Дәрігерлер шешімімен жас жігітке селективті церебральды ангиография операциясы жасалынды. Ота сәтті аяқталған. 

Қазіргі таңда науқастың жағдайы бірқалыпты, үйіне шығуға дайындалып жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: