Шымкенттен Үрімшіге тікелей әуе рейсі ашылады

Бүгiн, 06:28 298

Биыл 30 мамырдан бастап SCAT әуекомпаниясы «Шымкент – Үрімші» бағытында тікелей әуе рейстерін іске қосады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа әуе бағыты Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстарды нығайтып, туристік және іскерлік сапарларды одан әрі дамытуға мүмкіндік бермек.

Рейстер кестесі:
Шымкент – Үрімші: сейсенбі, жұма;
Үрімші – Шымкент: сәрсенбі, сенбі;
Ұшу ұзақтығы: небәрі 2 сағат 20 минут.

Қала әкімдігі Шымкент – Үрімші бағытына билеттер 28 ақпаннан бастап сатылымға шыққанын мәлімдеді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: