Ресейде Неміс ұлттық округіне қарасты Гришковка ауылы маңында Шымкент-Новосибирск бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусы аударылып қалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Оқиғаға автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалуы себеп болған. Автобуста 56 адам болған - екі жүргізуші және 54 жолаушы, оның ішінде үш бала. Жол-көлік апатынан жеті адам зардап шеккен. Бір адам ауруханаға жеткізілді.
Автобус тек аударылғаны болмаса, жүріп тұр. Оны жүргізушілер Қазақстанға аалып кетті. Ал жолаушыларды межелі жеріне жеткізу үшін басқа автобус берілді.