27 мамырдан бастап қазақстандық «SCAT» компаниясының әуе кемесі Шымкент – Мюнхен бағытында ұша бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері жолаушыларды тасымалдайды. Бұл Қазақстан мен Германия арасындағы қолайлы байланыстарды қамтамасыз етіп, туристік және іскерлік сапарларды одан әрі дамытуға мүмкіндік бермек.
Қала әкімдігі Шымкент – Мюнхен бағытындағы әуе рейсінің билеттер сатылымы ашық екенін атап өтті.