Биыл 29 мамырдан бастап қазақстандық "SCAT" әуекомпаниясы Шымкент – Каир бағыты бойынша Египетке жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Рейстер аптасына 2 рет (дүйсенбі және сәрсенбі күндері) "Boeing 737-800" және «Boeing MAX 8»типті әуе кемелерінде орындалады.
Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.