Шымкенттегі «қыз алып қашу» операциясының мән-жайы белгілі болды

2 Ақпан, 19:01 1079

Шымкентке үйлену мақсатында келіп, студент қызды алып қашқан маңғыстаулық тұрғын қамауға алынған болатын. Қалалық Полиция департаменті оқиғаның қалай болғаны туралы түсінік берді, El.kz ақпарат агенттігі.

Жігіт пен қыз ғаламтор арқылы танысқан екен. Бірнеше ай бойы хат алмасып, кейін 22 жастағы жігіт бойжеткенге үйлену мақсатында Шымкентке келген. Қыздың тұрмысқа шығу туралы пікірін білместен жігіт студент қыз дипломалды практикадан өтіп жатқан медициналық мекемеге таңғы уақытта жеткен. Анықтама бюросында өзін курьер ретінде таныстырып, қызға сыртқа шығуын сұрапты. Бойжеткен далаға шыққан бойда оны көлікке күштеп отырғызып әкеткен. Бұл сәт көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Toyota Alphard көлігін ұстауға жедел уәкілдер жұмылдырылып, полицейлер көрші өңірлерге бағыттама жіберген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде автокөлік жарты тәулік ішінде Алматы-Самара тас жолында Жалағаш ауылының маңында ұсталды.
Қазіргі таңда жас жігіт қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салсақ, Шымкентте қыз алып қашқан маңғыстаулық жігіт қамауға алынғаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Шымкент Полиция департаменті (@police_shymkent)

Оқи отырыңыз: 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: