Шымкенттегі лагерьлерде қауіпсіздік талаптары сақталмаған

15 Тамыз 2023, 11:29 813

Шымкенттегі лагерлерде балалардың құқықтары бұзылған. Өртке қарсы дабыл жүйесі жоқ лагерге 478 бала орналасқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қаласының прокуратурасының мәліметінше, «Hawaii» лагері өртке қарсы дабыл жүйесімен жабдықталмаған, міндетті санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды құжатсыз жұмыс істеген. Бұл ретте 2023 жылы бұл лагерьде 478 бала демалған. 

Балалар саны 220-дан аспауы тиіс "Үш бұлақ" лагерінде 310 оқушы орналастырылған. Тиісінше бір баланың ұйықтайтын орны 4 шаршы метрдің орнына 2,8 шаршы метрге дейін азайған.

Сонымен қатар лагерлердің көптеген қызметкерлері еңбек шартынсыз жұмыс істеген, медицина қызметтерін біліктілігі жоқ және медбике маманының сертификаты жоқ қызметкерлер көрсеткен.

Медициналық кабинеттердің өзі белгіленген талаптарға сәйкес келмейді, міндетті медициналық препараттар мен жабдықтар жоқ.

Тексеру іс-шаралары жалғасуда, нәтижелері бойынша шаралар қабылданатын болады, - делінген мәліметте.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: