Шымкенттегі гүл дүкеніне шабуыл жасаған шынымен кім болды?

11 Тамыз 2023, 12:05 2031

Шымкенттегі гүл дүкеніндегі жағдай желіде қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адам Шымкент қаласындағы гүл дүкендерінің біріне бір топ адам мас күйінде кіріп, сатушыларды дене жарақатын саламыз деп қорқытқаны туралы ақпарат тараған еді. Тіпті, кейін қылмыскер прокурордың ұлы деген сыбыстар да болды. Бірақ Шымкент қаласының прокуратурасы мұны жоққа шығарды. 

Сосын 10 тамызда желіде видеодағы адамға мүлдем ұқсамайтын ер адамның  кешірім сұраған видеосы тіпті елдің ашуын тудырды.Бірақ, оқиға қалай болды? Шынымен, қылмыс жасаған азамат заңнан жалтару үшін орнына екінші адамды құрбан қылды ма?

https://t.me/kozachkow/7294

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, дәл осы гүл дүкеніне екі рет шабуыл жасалған. Алғашқысы, 8 мамыр күні болған. Ер адам флористі қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен. Сол кезде Тұран аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына жанжал туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар барған. Алайда дүкен иесі мән-жайды нақтылау барысында ешкімге шағымы жоқтығын айтып, арыз жазудан бас тартқан.

Кейін анықталғандай, қылмыскер Қаратау ауданы полиция басқармасының бұрынғы қызметкері болып шықты. Ол19 мамырда отбасылық себептерге байланысты өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған, - деп хабарлады ІІМ.

Бұл жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен "Жәбiрленушiнiң өмiрiне н/е денсаулығына қауiптi емес күш қолданып тонау" сотқа дейінгі тергеу басталған.

Одан кейін, гүл дүкенінде тағы бір оқиға орын болған. 8 тамызға қараған түні Шымкент қаласы Рысқұлов көшесі, 195 мекен-жайында орналасқан "Romantic" гүл дүкеніне бір топ адам мас күйінде кіріп, сатушыларды дене жарақатын саламыз деп қорқытқан.

Оған қоса, гүл дүкенінің басшысы жасаған мәлімдемеде қылмыскердің прокурордың ұлы екені туралы айтылды. Алайда, Шымкент қаласының прокуратурасы бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады. Аталған жағдайда да, жәбірленуші арыз беруден бас тартқан.

Гүл сатушы арыз беруден бас тартты. Алайда бұған қарамастан полицейлер ҚР ӘҚБтК 434-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылады, - деп хабарлады Шымкент қаласы Тұран ауданы полиция басқармасынан.

Равиль Ашығали
Бөлісу: