Шымкенттегі дендрологиялық саябақтың суару жүйесі жаңартылып жатыр

7 Тамыз 2023, 05:26 1002

Ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып табылатын А.Асқаров атындағы Шымкент Дендрологиялық саябақ аумағы заманауи талапқа сай суарылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Саябақты жүйелі түрде суару мақсатында 4 су ұңғымасы қазылды. Сондай-ақ суару жұмыстарына демеушілер есебінен 4 техника 20 ға жуық жұмысшы жұмылдырылды. Қазіргі таңда 1 су ұңғымасы іске қосылып, Тұлпар аумағын суару жұмыстары жүргізілуде, 2 су ұңғымасы жақын күндері іске қосылады деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда дендросаябаққа күрделі жөндеуден өткен БМК су арнасы арқылы су келіп, жасыл желекті суғару жұмыстары талапқа сай атқарылуда.

Берік Арманов
Бөлісу: