Шымкентте жылу желілері 37% тозған

11 Тамыз, 15:32 390

Шымкентте тозығы жеткен жылу жүйелерінің үлесі 37% болып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24kz-ке сілтеме жасап. 

Осының салдарынан өткен жылу беру маусымында магистральды құбырда 2 рет апат болып, ішкі орамдық желілер 4 рет жарылған. 

Биыл осындай оқыс жағдайларды болдырмау үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 2 миллиард 400 миллион теңге бөлінді. 

Барлығы 838 шақырым болатын құбырлар гидравликалық қысымдаудан өткізіліп, 136 жерде желілерді жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ мамандардың мәліметінше, тозған жүйені ағымдағы жөндеумен толық жаңғырту мүмкін емес. 

Бұл тек қыс мезгілінде төтенше жағдайларды болдырмауға көмектеседі. Қазіргі таңда толық жылу желілеріне гидравликалық қысыммен тексеру жұмыстары жүргізілген. 136 ақау анықталды. Оның 14-і магистралдық жылу желілерінің ақауы болатын болса, 122-сі ішкі орамдық жылу желілерінің ақауы болып табылады. Қазіргі таңда 90 ақау қалыпқа келтіріліп, жұмыстар жалғасын табуда, - дейді қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы бөлімінің бас маманы Ерболат Мамырхан. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: