Шымкентте бүгіннен бастап жылу беру маусымы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
Ауа райының жылынуына байланысты қала әкімдігі жылыту маусымын 7 сәуірден бастап аяқтау туралы шешім қабылдады, - делінген хабарламада.