Шымкентте жұмыспен қамту орталығының басшысы қамауға алынды

15 Қаңтар, 17:30 1624

Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ басшысы Әсет Шағдатқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті қамауға алынды. Толық ақпарат кейінірек болады, -  делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ақпаратында.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы коммуналдық кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікке ілінгені туралы жазған едік.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: