Шымкентте ЖОО ректоры қамауға алынды

29 Қыркүйек, 12:01 615

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Otyrar.kz өңірлік басылымының хабарлауынша, ректор 28,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Бұл ақпаратты Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті растады.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпаратты жария етуге құқығымыз жоқ, деп атап өтті аталған департамент басшысының ортынбасары Санат Құлбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында.

Сондай-ақ күдікті мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеліп жатқаны нақтыланады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: