Шымкентте жоғалған 19 жастағы тұрғын іздестіріліп жатыр

26 Қазан 2023, 16:31 484

Шымкентте жоғалған 19 жастағы тұрғын іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, 15 қазан күні Абай АПБ-ға жас жігіттің жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен.

Әжесінің айтуынша, 19 жастағы Нұрбол Ермұхамбет 13 қазанда түнгі сағат 00:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

Ер жігіттің жүрген жерін анықтауға Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Белгілері: бойы шамамен 175-180 см, орта денелі, шашы,көзі қара түсті, үстінде қою көк түсті спортивка, қара красовка және қара түсті күртеше болған.

Фото: polisia.kz

Равиль Ашығали
Бөлісу: