Шымкентте жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады

17 Мамыр 2023, 16:29 1083

Шымкенттік полицейлер құқықтық тәртіп пен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Сөйте тұра ережеге бағынбайтын жол-көлік оқиғасының себепкерлері азаймай тұр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мәселен, қалада соңғы бір айда 30 жол апаты тіркелді. Салдарынан 13 адам қаза тауып, 38 тұлға түрлі дене жарақатын алған. Ал жол-көлік оқиғасының негізгі себебіне жылдамдықты арттыру, жаяу жүргіншінің жол ережесін бұзуы, көлікті мас халде басқаруы, ара қашықтықты сақтамау, қарсы бағытқа шығуы жатады.

Шымкенттік тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды жолда абай болуға және жол қауіпсіздігі ережесін бұзбауға, жылдамдықты асырмауға шақырады. Көлік тізгіндеуші өзінің амандығымен қатар, өзгелердің де саулығын ойлауды ескертеді, - делінген қалалық ПД таратқан мәліметте.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Шымкент Полиция департаменті (@police_shymkent)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: