Шымкентте жаңа жыл түні мыңнан астам адам полицияға хабарласқан

1 Қаңтар, 23:44 1415

Шымкентте жаңа жыл түні тыныш өтті. Полицияға 1000-нан астам қоңырау түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментіндегілер тәртіп сақшылары барлық шақыртуларға жедел ден қойып, тиісті шаралар қабылдағанын атап өтті.

Мерекелік іс-шаралар өткізілген орындарда патрульдеу кезінде полицейлер жоғалған 20 баланы тауып, ата-аналарына қайтарған. Ал жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде көлікті мас күйінде басқарған 3 жүргізуші анықталған. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Айта кетейік, қала аумағында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2 мың полиция қызметкері жұмылдырылды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: