Шымкентте жаңа туған сәбиін көшеге тастап кеткен әйелді іздеп жатыр

26 Желтоқсан 2023, 10:32 1057

Шымкентте жаңа туған нәрестесін тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Көпқабатты үйлердің бірінің жанына тастап кеткен нәрестенің денесін өтіп бара жатқандар тауып алған. Іздеу жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілгенімен, нәтиже болмай отыр.

Жаңа туған нәрестенің өліміне не себеп болғанын қазір сот-медициналық сарапшылар анықтап жатыр.

Сәбидің өліміне байланысты анасына қылмыстық іс қозғалды. Ол 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: