Шымкентте жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

Бүгiн, 17:07 119

Құтқарушы күні қарсаңында Шымкентте жаңа өрт сөндіру депосының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты іс-шараға ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Жаңа өрт сөндіру депосы Сайрам тұрғын алабында салынды, ол 5 тұрғын алабы тұрғындарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.   

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: